Заң жобасы 2024 жылғы 28 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесіне толықтырулар жобасын дайындады, деп жазады zakon.kz.
Жаңа редакцияда мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесіне:
- ведомстволық наградалармен наградтау туралы актілердің көшірмелері (бар болса);
- қызметші еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы деректер;
- туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы деректер;
- жеке істі қалыптастыру немесе жаңарту сәтінде жарамды Qazaq resmi test/Qaztest және (немесе) шет тілін меңгеру деңгейі туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);
- кәсіби қызметпен байланысты жеке жетістіктер туралы деректер;
- қызметшінің ғылым, мәдениет, өнер және спорт саласындағы әлеуметтік-қоғамдық қызметі және қабілеттері туралы деректер.
Көрсетілген деректер тек қана "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінде оларды қағаз түрінде сақтамай жүргізіледі.
Заң жобасы 2024 жылғы 28 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.