Олармен бағдарлама жасап, көрермен жинау қиын болады деді.
ERNUR.KZ. Мейрамбек Бесбаев "Жұлдызды жекпе-жек" жобасын неге әншілер жүргізгенін түсіндіріп берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Talklike бағдарламасына сілтеме жасап.
Жұлдыздардың ішінен үздігін таңдап, мықтыларды анықтайтын "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасының авторы Мейрамбек Бесбаев неге үшінші кезеңді Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан жүргізгенін түсіндіріп берді. Оның бірнеше себебі бар көрінеді.
"Оның бірнеше себебі бар. Ол кәсіби жүргізуші болмағаннан кейін елге ұнамауы мүмкін. Бірақ, біз үшінші маусымды соңғы маусым болады деп шештік. Сондықтан бірінші, екінші маусымның жеңімпаздары шықты. Алдыңғы бағдарламаларды есіне түсіп тұрса, әдемілік береді. Екіншіден, үшінші маусымға фирмачтар қатысты. Қанша танымал болғанымен, көрермендері аздау", - дейді Мейрамбек Бесбаев.
Өнері мен таланты ұштасқанымен тыңдарманы аз әншілермен жұмыс жасағаннан кейін, рейтинг үшін кәсіби мамандар жүргізуші болмады деп түсіндірді ол. Оған қоса, Ерке Есмахан мен Қайрат Нұртас алдыңғы кезеңдердің жеңімпазы болған. Олардың жүргізушілерге қарағанда білетіні көп көрінеді.
"Олармен бағдарлама жасап, көрермен жинау қиын болады деді. Өңкей ән айтқыш, диапазоны мықтылар болды. Ондай әншілердің бір жағынан көрермені аз болады. Қайрат пен Еркені шақырып алып айттым. Сендер жүргізбеңдер. Шығыңдар да еркелеңдер, еркін ұстаңдар дедім. Жоқ, екеуі жүргізуші болды. Ол екеуіне рахмет айтамын", - дейді Мейрамбек Бесбаев.