Бүгін жоғалып кеткен Екатерина Ермилованың күйген денесі табылды.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Бойжеткен мамырдың 23-інен 24-іне қараған түні Алматының Алмалы ауданында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын, деп жазады exk.kz.
Іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды. Бүгін олар жасөспірімнің денесі табылғанын хабарлады.
"Қызды тірі табамыз деген үміт болды. Еріктілердің көбінде балалары бар. Олар іздестіру жұмыстарына барын салды. Катяның күйген мәйіті бүгін табылды. Қыздың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ешқандай мәліметтерді жария ете алмаймыз", — деп жазды Lider.kz атты еріктілер қозғалысының өкілдері.
"Экспресс К" тілшісі Алматы қаласы полиция Департаментіне хабарласып мән–жайды білуге тырысты. ПД мәліметінше, 27 мамырда Екатерина Ермилованың анасы қызының жоғалып кеткені жайлы хабарлаған.
"Полиция оның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтады. Олар Алматы облысының 1992 жылы туған К. мен 2011 жылы туған Б. есімді тұрғындар. Екатерина осы екеуімен жоғалып кеткен күні танысқан. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, оның мәйіті көмілген Қапшағай су қоймасын көрсетті", — дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қыздың өлімінің себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алматы қаласы ПД мәліметінше, күдіктілер қылмыс ізін жасыру үшін жасөспірімнің денесін өртеп жіберген.