Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан кептеліс пайда болған.
ERNUR.KZ. Өскеменде қоғамдық көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды, салдарынан салондағы екі жолаушы зардап шекті, деп жазады Тengrinews.kz.
"Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте Сатпаев даңғылында болған. "58 жастағы автобус жүргізушісі № 43 бағыт бойынша қозғалып бара жатып, алдында келе жатқан Subaru көлігін қағып кетті. Екі жолаушы жеңіл жарақат алды", - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция басқармасының өкілі.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан кептеліс пайда болған.