Прагада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары бойынша брифинг өтті

0
2 342

Өз кезегінде чех сарапшылары Қазақстанның саяси өміріндегі осы аса маңызды оқиғаға үлкен қызығушылық танытып, Қазақстандағы COVID-19 пандемиясы жағдайында дауыс берудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.


Прагада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары бойынша брифинг өтті

ERNUR.KZ. Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінде чех сарапшылары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау қорытындыларына арналған онлайн-брифинг өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Іс-шараға бірқатар жергілікті басылымдардың өкілдері қатысты: «Чех жаңалықтары», «Прага жаңалықтары», «Мемлекеттік жаңалықтар», «Ақпараттық Прага», «Алло, жаңалықтар», «E15», «Чехия радиосы», «Чех орталық телеарнасы», сондай-ақ «Integral TV» еуропалық интернет-порталының өкілдері қатысты.

Қатысушыларға Қазақстанның сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, сайлауға қатысқан саяси партиялар туралы, сайлау процесінің барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы, Мәжіліс сайлауындағы дауыс берудің нәтижелері туралы, сондай-ақ өткен сайлауға халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің берген бағалары туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде чех сарапшылары Қазақстанның саяси өміріндегі осы аса маңызды оқиғаға үлкен қызығушылық танытып, Қазақстандағы COVID-19 пандемиясы жағдайында дауыс берудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Прага жаңалықтары» басылымының бас редакторы Алеш Флитчер өз сөзінде: «Қазақстандағы сайлау жоғары деңгейде өтті. Бұған халықаралық байқаушылардың, соның ішінде Чехия өкілдерінің көптеген бағалары дәлел. Маған сайлау науқанының өзі, әсіресе Қазақстанның саяси тәжірибесінде алғаш рет енгізілген «праймериз» жүйесі ерекше әсер қалдырды».