Президенттікке түсетін үміткерлердің әрқайсына 10 млн теңгеден беріледі

0
498

Кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.


Президенттікке түсетін үміткерлердің әрқайсына 10 млн теңгеден беріледі

ERNUR.KZ. ҚР Президенті сайлауына қатысатын әр кандидатқа үгіт-насихат жүргізуі үшін шамамен 10 миллион теңге бөлінеді, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлім етті.

"Сайлауалды үгіт-насихат жүргізу үшін әр кандидатқа шамамен 10 миллион теңге бөлу қарастырылып жатыр. Бұл қаржы БАҚ-та ақпарат таратуға, материалдар жариялауға жұмсалады. Яғни кандидат БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізеді", деді Сәбила Мұстафина.

Одан бөлек, аталған соманың ішіне кандидаттың ғимарат және көлікті жалға алуы кіреді екен. Бірақ аталған мәселе бойынша әзірге соңғы шешім қабылданбаған.

Кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы 2022 жылғы 21 қазан сағат 18:00-де басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады. 19 қараша — үнсіздік күні. Орталық сайлау комиссиясы 21-22 қараша аралығында сайлаудың алдын ала қорытындысын шығарады. 21-27 қараша аралығында нәтижелерді анықтау және сайланған президентті тіркеу жұмыстары жүргізіледі.