Қайғылы оқиға 21 наурызда болған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында адам шошырлық қылмыс болды. Риддерде жас жұбайлардың мәйітітабылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы оқиға 21 наурызда болған. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп хабарлады құқық қорғау органдары агенттікке берген түсініктемесінде.
Ведомствоның баспасөз қызметі бұл іс Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін қосты.