Шымкенттік тұрғыннан 1 килограмм есірткі тәркіленді

0
1 542

Жедел іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғынынан 1 килограмм героин есірткісі тәркіленді. Астана қаласының құқық қорғау қызметкерлерінің жедел тобы жүргізген шара барысында 7 келі шамасында гашиш есірткісі тәркіленген


Шымкенттік тұрғыннан 1 килограмм есірткі тәркіленді


Полицияның есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Астана және Шымкент қалаларында есірткі саудалаған азаматтарды ұстады. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ today.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жедел іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғынынан 1 килограмм героин есірткісі табылды. Астана қаласының құқық қорғау қызметкерлерінің жедел тобы жүргізген шара барысында 7 келі шамасында гашиш есірткісі тәркіленген.

Ұсталғандар арқылы есірткі өнімдерін жеткізетін канал анықталды.