Студенттер шәкіртақысы 2 есе көбейеді - Президент

0
1 200

2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады.


Студенттер шәкіртақысы 2 есе көбейеді - Президент

ERNUR.KZ. Студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады. Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз», - деді ҚР Президенті.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы студенттерге материалдық қолау көрсету ісі жалғаса беретінін баса айтты.


«Студенттер шәкіртақысы - 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы - 1,5 есе көбейеді. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 мыңға артады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.