Қала бойынша жауын кәріздерін тазалау құрылғысы 14-тен 26-ға көбейеді.
ERNUR.KZ. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде Астананы көктем және күз мезгілдерінде су басу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ
«Қаладағы жауын-шашын кәрізіне келсек, Астана Венецияға пародия жасауды тоқтатады. Бұл жұмыстың егжей-тегжейі ешкімге қызықты емес, дегемен біз үшін жұмыс нәтижесі маңызды. Біз маусымаралықтары сайын «жүзуд» тоқтатуымыз керек», - деді қала әкімі халыққа есеп беру кездесуінде.
Оның айтуынша, ендігі уақытта қала бойынша жауын кәріздерін тазалау құрылғысы 14-тен 26-ға көбейеді. Бұл жұмысқа бөлінетін қаржы 5 млрд теңгеден 7 млрд теңгеге дейін артады. Сол сияқты 5 жыл көлемінде 13 мың га су жинақтайтын алаң 23 мың га дейін артады.
Еске сала кетсек, бүгін қала басшысы Бақыт Сұлтанов «Астана» концерт залында халыққа есеп беріп жатыр.