4 750 сиыр, 5 134 қой-ешкі, 2 233 жылқы, 34 түйе суға кеткен.
Коллаж: Kazinform/ Freepik
ERNUR.KZ. Тасқында қырылған мал 100 пайыз өтелді. Ауыл шаруашылығы мал шығыны қандай тәсілдермен өтелгенін түсіндірді, деп жазады inform.kz.
- Жергілікті атқарушы органдарың ақпаратына сәйкес биыл көктемгі су тасқынының салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарлары саны 13 428 бас болды, - деп жазылған жауапта.
Оның ішінде 4 750 сиыр, 5 134 қой-ешкі, 2 233 жылқы, 34 түйе суға кеткен. Сондай-ақ 249 шошқа мен 1028 құс өлген.
- Бүгінгі таңда 7 облыста 11 543 бас ауыл шаруашылығы жануарының өтеміне 2 млрд 886,1 млн теңге төленген. Ал Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында 1 885 бас ауыл шаруашылығы жануары фермерлік және шаруа қожалықтарының әлеуметтік көмек (демеушілік) көрсетуі есебінен натуралды түрде (малмен) өтелді. Ақшалай өтелген шығын жергілікті бюджеттен және бюджеттен тыс қаржымен төленді. Жалпы шығын 100% өтелді, - деп жазады ведомство мамандары.