"Вагнер" ұйымына кірген қазақстандық қылмыстық жазаға тартылады

0
370

Қазақстан азаматы өз еркімен "Вагнер" жалдамалы әскер тобының қатарына қосылған.


ERNUR.KZ. Ресейдегі "Вагнер" ұйымының қатарына қосылған қазақстандыққа отанына оралғаннан кейін қылмыстық жаза қолданылады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Смадияровтың айтуынша, Қазақстан азаматы өз еркімен "Вагнер" жалдамалы әскер тобының қатарына қосылған.

" Ұйым қатарына кіруге ниет білдірген немесе ойлап жүрген барлық азаматтарға олардың 5-9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескерткім келеді. Ол жақта олар ойлағандай романтика жоқ. Жігіттер, бұл сіздердің соғыстарыңыз емес. Абай болыңыздар. Туыстарыңыз жайында ойланыңыздар. Барлықтарыңыз ерексек адамсыздар, бұл жігіт те кәмелетке толған. Өкінішті, әрине. Біз ата-анасымен байланыс орнатуға көмектесіп жатырмыз, барлық тиісті сұрауларды Ресейдің құзыретті органдарына жібердік. Біз ақпаратты тексереміз және әрине, мүмкіндігінше толық көмек көрсетеміз. Бірақ Қазақстанға оралғанда ол қылмыстық қудаланатынын ескеруі қажет", - деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін Қазақстандық БАҚ-та Томск мемлекеттік университетінде оқитын 23 жастағы Марғұлан Бекенов жайында ақпарат пайда болды. Қазақстандық студенттің анасы оны 18 наурызда біреулер ұрлап әкетіп, Ресейдің Краснодар өлкесінің Молкино ауылындағы "Вагнер" ұйымының дайындық базасына жеткізгенін айтты.

Хабарламада әйелдің ұлын табу үшін Ресейге кеткені айтылады. Ол онымен сөйлескен кезде баласы ешқандай келісімшарттарға қол қоймағанын және Қазақстан азаматтығынан бас тартпағанын айтқан. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оны 12 сәуірде соғыс аймағына алып кеткен.

"Вагнер" ЖӘК - ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин құрған және бақылауындағы ресейлік мемлекеттік емес қарулы құрылым. Бірқатар елдерде террористік ұйым мәртебесі бар. 2014 жылдан бастап топ Украина аумағында жұмыс істейді, онда олардың ауыр техника, артиллерия және әскери авиациясы бар.