Ерлан Біләлге сот үкім шығарды

0
4 356

Ерлан Біләл ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігінде (пара алуға оқталу) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталуда. Сотта ол "Сезам" шығармашылық қорының президенті Баяновтан 2018 жылдың 2 қаңтары күні 600 мың теңге алғанын айтты. 4 қаңтар күні 900 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған.


Ерлан Біләлге сот үкім шығарды

фото: ok.ru

Алматының Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ерлан Біләл ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігінде (пара алуға оқталу) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталуда. Сотта ол "Сезам" шығармашылық қорының президенті Баяновтан 2018 жылдың 2 қаңтары күні 600 мың теңге алғанын айтты. 4 қаңтар күні 900 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған.

Судья Қуаныш Әріпов Біләлге 52 миллион 500 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, оны кейбір мемлекеттік марапаты мен атағынан айыру туралы президентке ұсыным енгізді.

Сот Баяновтың 1 миллион теңге көлемінде моралдық өтемақы өндіру туралы талап арызынан бас тартуға қаулы етті.

Естеріңізге сала кетейік, соттағы соңғы сөзінде Ерлан Біләл өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Әртіс судьядан денсаулығы мен отбасылық жағдайын ескеруді өтінген еді. Бас бостандығынан айырмауды, мүмкіндігінше айыппұл сомасын төмендетуді сұрады.