Прокурор Сыдықова осы тағылған айыптар негізінде Бишімбаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесу, мемлекеттік басшылық қызметті атқару құқығынан өмірбақиға айыру, мемлекеттік «Құрмет» орденін қайтарып алуды және қымыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуді сұрады.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі, сыбайлас жемқорлық айыбымен сотталып жатқан Қуандық Бишімбаевтің ісінде 19 ақпан күні тараптар жарыссөзге көшті,- деп хабарлайды azattyq.org.
Жарыссөзде әуелгі сөз айыптаушы прокурор Сәуле Сыдықоваға берілді. Прокурор соттан Бишімбаевты Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлімі (« Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету»), 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы («Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру») бойынша айыпты деп тануды сұрады. Прокурор Сыдықова осы тағылған айыптар негізінде Бишімбаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесу, мемлекеттік басшылық қызметті атқару құқығынан өмірбақиға айыру, мемлекеттік «Құрмет» орденін қайтарып алуды және қымыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуді сұрады.