Таразда жергілікті полиция қызметінің басшылары ұсталды

0
1 828

Тараз қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы мен бірнеше қызметкері «қарамағындағылардан заңсыз ақша жинап келген» деген күдікпен ұсталды.


Таразда жергілікті полиция қызметінің басшылары ұсталды

Тараз қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы мен бірнеше қызметкері «қарамағындағылардан заңсыз ақша жинап келген» деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 14 ақпан күні арнайы жедел-іздестіру шаралары мен астыртын тергеу амалдарының нәтижесінде Тараз ЖПҚ басшылық құрамының бірнеше өкілдерінін құралған топ қарамағындағы қызметкерлерден жүйелі түрде заңсыз ақша жинап келгені анықталған. Сол арқылы, олар ақша берген қызметкерлерге «қызметте қамқорлық» жасап, кемшіліктеріне кешіріммен қарауға уәде еткен.

Zakon.kz-ке мәлімет берген дереккөз Тараз ЖПҚ басшысы міндетін атқарушы полиция полковнигі Ж.Буйтеков, батальон командирі, полиция полковнигі Б.Жолдасбеков ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан аралығында қарамағындағы қызметкерлерден 6 рет заңсыз ақша жинауды ұйымдастарған. Жиналған «жылудың» мөлшері 700 мың теңгеден астам. Полиция қызметкерлері ақшаны батальон командирінің орынбасары Д.Жанғабылов пен ЖПҚ инспекторы Н.Жахайлардың қолына берген. Олар өз кезегінде бұл соманы Жолдасбековке берген.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Буйтеков пен Жолдасбеков уақытша оқшаулау орнына жабылған.