ОҚО: Әжетхана ашып, «жұлдыз» болған әкім парамен ұсталды

0
3 522

​ Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алып жатқан жерінде ұсталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық соттың бас маманы Талғат Шахитдиновке сілтеме жасап.


ОҚО: Әжетхана ашып, «жұлдыз» болған әкім парамен ұсталды

фото: ашық дереккөзден

Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алып жатқан жерінде ұсталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық соттың бас маманы Талғат Шахитдиновке сілтеме жасап.

Ол бұл соманы қызметтік кабинетінде алып жатқан жерінен ұсталыпты. Талғат Шахитдиновтың мәліметінше, қала басшысы жергілікті тұрғыннан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен.

Байдуалы Базарбаев өткен жылы шаһардағы қоғамдық әжетханалардың бірінің ашылуына барамын деп, ел ішінде танымал әкім боп шыға келген еді. Қазақстандықтар әжетхана ашқан әкімді келеке етіп, көбі сынның астына алған болатын. Жұртшылықты қажетті өтейтін орынның құрылысына кеткен қаржы көлемі де ашуға булықтырған еді. Тұрғындар оған жұмсалған 3 млн теңгеден астам қаржыға шағын үй салуға болады деп шамданған-ды.

Қазіргі таңда Байдуалы Базарбаев құны 13 млн теңгеден астам тұратын үйін кепілдікке қойып, кепілмен уақытша бостандыққа шықты. Әкімнің параны қандай мақсатпен алғаны әзірге айтылмайды. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.