Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы операция кезінде Қазақстанның кеден органдарының 19 қызметкері ұсталуына байланысты ішкі тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады Sputnik осы құрылымның басшысы Ардақ Теңгебаевқа сілтеме жасап.

Сегіз ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операцияны 15-16 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Бас прокуратура басшылығымен жүргізген болатын. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында 35 адам ұсталған, олардың арасында екі Қырғызстан азаматы бар. Сот 33 ұсталған адамды қамауға алды, олардың бәрі – кеденшілер, шекарашылар, брокерлер, делдалдар мен ҰҚТ мүшелері.
"Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының кедендік органдарының қызметкерлері ұсталды, әзірше бүкіл дерек қолымызда жоқ, бірақ бұл тауарды контрабандалық жолмен елге кіргізуге байланысты, сол себепті тергеу жүргізіліп жатыр. Біз ақпарат алған бойда ішкі тексеруді бастап кеттік", — деді Теңгебаев тілшілерге.
Ұсталған кеденшілердің нақты саны – 19 адам.