Интернетте ҚР Бас прокуратурасы өткізген арнайы операцияның видеосы пайда болды. Онда лауазымды тұлғалар мен кеден қызметкерлерінің параны қалай алып жатқаны түсірілген.
Интернетте ҚР Бас прокуратурасы өткізген арнайы операциясының видеосы пайда болды. Онда лауазымды тұлғалар мен кеден қызметкерлерінің параны қалай алып жатқаны түсірілген.
15-16 ақпан күндері ҚР Бас прокуратурасының кеден төңірегіндегі салаларда заңсыз іс-әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік шекара маңындағы аймақтарда контрабандамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында бір уақытта ауқымды арнайы операция өткізу кезінде 29 күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.