Бұрынғы әкімнің баласы атқан өспірім ІІД бастығы орынбасарының ұлы екен

0
2 070

БҚО Бөрілі ауданының экс-әкімі Қайырғали Имашевтің үйінде оққа ұшқан 14 жастағы өспірім БҚО ІІД бастығы орынбасарының ұлы болып шықты. Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлайды


Бұрынғы әкімнің баласы атқан өспірім ІІД бастығы орынбасарының ұлы екен

Мұндай деректі аймақтық коммуникация қызметінде брифинг өткізген Батыс Қазақстан облысы Ішкі Істер департаменті бастығының орынбасары Берік Аймұрзин келтірген.

« -Аңшы мылтығынан оқ жарақатын алған жасөспірім – БҚО ІІД бастығының тылды қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарының ұлы. Оқыс оқиға абайсызда болған. Қару сақталатын сейф кілті қол жетер жерде жатқандықтан, балалар мылтықты алып, үйдің ауласында атқан. Қайғылы оқиға сол кезде орын алды», - деді Берік Аймұрзин. Лауазымды қызметкердің айтуынша негізгі қылмыстық істен бөлек қарудың иесі Қайырғали Имашевқа да қылмыстық іс қозғалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар оқ тиген өспірімнің жағдайы ауыр екенін айтады. 14 жасар бала жан сақтау бөлімінен нейрохирургиялық бөлімшеге ауыстырылған.

21 қаңтар күні Бөрілі ауданының бұрынғы әкімі Қайырғали Имашевтің үйінде оқ атылып, салдарынан жасөспірім жарақат алып, мойын омыртқасы зақымданған.