Парамен ұсталған шенеуніктің басшысы да жауапқа тартылады

0
1 439

Астанадағы меморган басшылары коррупция үшін ұсталған қызметкерлеріне жауапты болады. Бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі артатыны туралы бас қаланың әкімдігінде өткен «Астана – адалдық алаңы» жобасын таныстыру кезінде айтылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Астана қаласы әкімдігінің бірінші басшыларын тоқсан сайынғы бағалау критерийлеріне басшылардың жемқорлықты боолдырмауға бағытталған жұмыстары да енетін болады», - дейді жобалау офисінің жетекшісі Жазира Жылқышиева. Айтуынша, жемқорлықпен ұсталған қызметкерді ғана жауапқа тарту тәжірибесі артта қалмақ. Енді мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының да жауапкершілігі қаралатын болады.

Жобаны жасап жатқандар мемлекеттік мекеме басшыларының қызметін бағалайтын қосымша критерийлерді жасамақ. Ол ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жақсаруы, міндеттердің дұрыс бөлінуі, қызметкерлерді ынталандыру мен қазына қаржысын тиімді жұмсау секілді мәселелерде басшының асқан жауапкершілікпен қарауға мүдделі болуын қамтамасыз етеді.