Статистика Агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

0
1 423

2014 жылы Анар Мешімбаева сайлауға бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін 7 жылға сотталған еді. Апелляциялық сот алқасы да үкімді күшінде қалдырды. Мешімбаева жазасын Алматы облысында, жалпы режимдегі колонияда өтеген. Соңғы бір жарым жылға жуық уақытта ол сондағы қоныс-колониясында болған.


Статистика Агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

Tengrinews.kz хабарлағанындай 2015 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рақымшылық туралы жарлығымен Анар Мешімбаеваға кесілген жаза мерзімінің екі жылы қысқартырған. Биыл сол мерзім аяқталып, бұрынғы төрайым бостандыққа шықты.

2014 жылы Анар Мешімбаева сайлауға бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін 7 жылға сотталған еді. Апелляциялық сот алқасы да үкімді күшінде қалдырды. Мешімбаева жазасын Алматы облысында, жалпы режимдегі колонияда өтеген. Соңғы бір жарым жылға жуық уақытта ол сондағы қоныс-колониясында болған.
Анар Мешімбаеваға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айып тағылған. Экс-төрайым 2009 жылғы халық санағына қажетті бланктерді дайындауға бөлінген қаржының 700 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталған еді. Оған қоса қызмет бабын асыра пайдаланған.
Сот барысында Анар Мешімбаева өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.