Жаркентте мектеп аумағында ойнап жүрген қыз тоққа түсіп, қаза тапты

0
84

10 шілдеде қыз 10 жасқа толуы керек еді.


Жаркентте мектеп аумағында ойнап жүрген қыз тоққа түсіп, қаза тапты

Tengrinews.kz оқырманының фотосы

ERNUR.KZ. Жаркентте 5-сынып оқушысын тоқ соғып, қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

"Ол мектеп аумағында ойнап жүрген"

Редакцияға хабарласқан оқырманның айтуынша, оқиға 9 шілдеде қыз оқитын мектептің аумағында болған. Мәлімет бойынша, ол ойынап жүріп ашық тұрған трансформатор қосалқы станциясына кіріп кетіп, тоққа түсіп қалған.

"Ол "электр тоғы соқты" деген алдын ала диагнозбен Жаркент ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Оны аман алып қалу мүмкін болмады", - деді оқырман.

10 шілдеде қыз 10 жасқа толуы керек еді.

"Тергеу жүріп жатыр": полиция не дейді?

Оқиғаға қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді. Қазіргі уақытта "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету" дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайын объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Объектіні пайдалануға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілік деңгейі анықталып жатыр. Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдардың мекенжайына жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы нұсқама жіберілді", - деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды. Редакция тергеу барысын бақылауды жалғастырады.