Жатақханада қалуға мәжбүр студенттер бөлмесінен шықпауы керек – Асхат Аймағамбетов

0
867

Егер қалай болса да жатақханада қалуым керек, басқа баратын жерім жоқ деген студенттер жатақханада ары қарай қалуына мүмкіндік бар.


Жатақханада қалуға мәжбүр студенттер бөлмесінен шықпауы керек – Асхат Аймағамбетов

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ЖОО мен колледждердің жатақханаларындағы студенттер үйлеріне қайтарылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Колледждер мен ЖОО-лар туралы да ақпарат бердік. Олар қашықтан оқу форматына көшті. Бізде ЖОО-лар бойынша жалпы проблема жоқ. Дайын жүйелері бар. Колледждердің басым бөлігі бойынша да бізде проблема жоқ. Кейбір колледжде осындай сұрақтар туындаған. Сондықтан кейбір колледжде қашықтан оқыту жүйесін тезірек орнатып, жүйеге тиісті ақпарат енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр жатақханалар мәселесі туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша жатақханаларды босатыңдар деп, студенттердің бәрін қуатындай жағдай болмайды.

«Билеттерін алып, үйлеріне қайту дегендей мәселелер бар. Сондықтан біз ЖОО, колледждердің басшыларына тиісті тапсырма бердік. Егер қалай болса да жатақханада қалуым керек, басқа баратын жерім жоқ деген студенттер жатақханада ары қарай қалуына мүмкіндік бар. Бірақ сол жатақханада ешқандай шаралар өтпейді. Әрқайсысы өз бөлмесінде болып, араласпай, осындай режімде өмір сүруі керек», - деді ол.