Мынадай 7 ЖАҒДАЙДА дәріханаға жүгірмей-ақ түймедақ шайын ішіп алуға болады.
иллюстрациялық фото: dachnyedela.ru
Түймедақ – қабынуға қарсы және тыныштандыратын қасиетке ие өсімдіктердің бірі. Оның көп жағдайда зиянын гөрі пайдасы басымырақ. Әсіресе мынадай 7 ЖАҒДАЙДА дәріханаға жүгірмей-ақ түймедақ шайын ішіп алуға болады.
ҰЙҚЫ БҰЗЫЛСА...
Түймедақ – ұйқы бұзылуын қалыпқа келтіріп, түніңізді тыныштандырады. Ғалымдар түймедақ шайымен қатар, эфир майының да дәл осылай әсер ететінін зерттеген екен. Түймедақ құрамындағы заттар мидағы нейрондардың белсенділігін төмендетіп, ұйқыны шақырады. Ал, эфир майымен тыныстаған уақытта қандағы адренокортикотропты гормонның деңгейі төмендеп, ұйықтауға септігін тигізеді. Ұйқы қашқанда осыны еске алсаңыз болғаны. Түймедақ шаймен көзіңіз тез ілініп, тыныш ұйықтайсыз.
БЕЛ АУЫРСА...
Бел аурулары жарықтың пайда болуынан ауыруы да мүмкін. Алайда көп ретте бел бұлшықеттеріне ауыр салмақ түскенде адам осындай күй кешеді. Сондықтан да бел ауруы мазаласа ваннаға кептірілген түймедақ пен лаванда майын құйыңыз. Ол үшін бір стақан түймедақты ваннажағы жылы суға салып, 2 ас қасық магний тұзы мен 5 тамшы лаванда майын тамызасыз. Ваннаға түсіп, 10-15 минут жатыңыз. Тұз бен түймедақ бұлшықеттерді босаңсытып, ауырғанын басады.
иллюстрациялық фото: farmersalmanac.com
Дәріханалық ауруды басатын дәрілермен бірдей әсер беретін өсімдіктің бар екенін Пенсильвания ғалымдары дәлелдепті. Олар ауруларды екі топқа бөліп, біріншісін түймедақ сығындысымен, ал, екіншілерін басқа дәрімен емдеп көрген. Нәтижесінде түймедақ гүлімен емделгендердің жағдайы жақсарған. Сол себепті де өзіңізді жайсыз сезіне бастасаңыз, осы емді қолданып көріңіз.
КӨЗ АСТЫНДАҒЫ ҚАРА ДАҚТЫ КЕТІРЕДІ
Түймедақты косметикалық мақсатта да пайдалануға әбден болады. Ол ісікті басып, көз айналасындағы теріні ағартады. Ол үшін екі пакет түймедақ шайына қайнаған су құйып, суытып қойыңыз. Суыған соң көзді жұмып, түймедақ пакеттерін қабағыңызға қоясыз. 10 минуттан соң пакеттерді алып тастап, көз айналасын салфеткамен сүртіңіз. Ісінген көздер қалыпқа келіп, демалып қалады.
ҚАН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАНТ ЖОҒАРЫЛАҒАНДА...
Түймедақ шайын күнделікті ішкен жағдайда 2-ші топтағы қант диабетімен ауыратындардың қандағы глюкоза мөлшері қалыпқа келетінін иран ғалымдары дәлелдеген екен. Бұдан жақсы нәтижеге жету үшін зерттеушілер бір шыны түймедақ шайын түсте және кешке тамақтанып болған соң ішу керектігін айтады.
иллюстрациялық фото: osbplity.ru
Іш өтіп, ауырғанда немесе балалардың ішіне жел толғанда – түймедақ ауырғанды басады. «Дәріні» шай сияқты демдеп ішу керек.
ЕТЕККІР АЛДЫНДА БЕЛ АУЫРСА...
Жылы ваннаға бірнеше тамшы түймедақ гүлінен алынған эяир майын тамызып, 10-15 минут жату керек. Сонда көңі-күйіңіз қалыпқа келіп, арқаның, белдің ауырғаны басылады.
Жоғарыда берілген барлық кеңестерді дер кезінде пайдалана білсеңіз, денсаулығыңыз сыр бермейтін болады.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Аударған: Құрманкүл ӘТИ,
Тағы оқыңыз: