​Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаңызға ДӘРУМЕН мен МИНЕРАЛДЫҢ жетіспеуін білдіреді

0
3 783

Бұл қалыпты жағдай емес, бей-жай қарамаңыз


​Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаңызға ДӘРУМЕН мен МИНЕРАЛДЫҢ жетіспеуін білдіреді

фото: travographer.com

Өзімізде болып жатқан өзгерістерді көбінесе білмей жатамыз. Тіпті, жанымыздағылар да аңғара бермейді. Біраз уақыт бұрын көрмеген танысың айтқанда ғана, өзіңе көңіл бөліп қарайсың. Сонда ғана бойымыздағы өзгерістерді кәдімгідей байқаймыз.

Егер сізді ешқандай ауру мазаламаса да, тәбетіңіз жақсы болса да арықтап жүрсеңіз, қалыпты жағдай емес. Мүмкін, теріңізге қажетті күтім жасасаңыз да бетіңізге бөртпе, дақ, безеу шықса, оған да бей-жай қарамаңыз.


Өзіңіздегі өзгерістер ағзаңызға дәрумендер мен минералды заттың жетіспеуінен болуы әбден мүмкін. Себебі тап осы заттар денсаулығымызды жақсы әрі мықты болуына тікелей себепші болады. Сонымен дәрумен мен минералды заттың жетіспеуінен мынадай өзгерістер болады:

фото: www.syl.ru

Салмақ жоғалту

Еш себепсіз салмақ жоғалтып жүрсіз бе? Қанша тамақ жесеңіз де толмайсыз ба? Ешқандай ағзаңыз мазаламайды, ауырмайды, сонда да ішіп-жегеніңіз жұқпай ма? Олай болса ағзаңыз нәрлі заттарға зәру дегенді білдіреді. Егер ағзаңызды жаңартып, клетканы қалпына келтіргіңіз келсе, макро-микро элементтер мен дәрумендерді қабылдаңыз.


Шаршау

Жиі шаршау мен әлсіздік ағзаға темір жетіспейтінін білдіреді. Теміржетіспеушілігі анемияға әкелетін төте жол екенін біліңіз. Магний элементінің тапшылығы да еңсеңізді түсіріп, көңіл-күйіңізді нашарлатады. Егер сергек әрі белсенді жүргіңіз келсе, темір мен магний элементін қабылдаңыз.


Сүйектің әлсіз болуы

Сүйектің әлсіз әрі жұмсақ болуына D дәрумені мен кальций элементінің тапшылығы себеп болады. Тап осы пайдалы заттар сүйекті бекемдеп, қатайтады. Ал магний осы екі заттың ағзаға жеңіл сіңуін қамтиды. Ендеше сүйектің саулығын жақсартқыңыз келсе, D дәруменін, кальций мен магний элементін қабылдаңыз.


Жараның кеш жазылуы

Жырып алған жарақат өте кеш жазылатын болса, сізге мырыш элементінің жетіспейтінін білдіреді. Дені сау ағза ешқандай дәрумен мен минералды заттың тапшылығына ұшырамаса, қандай ауыр жарақат болса да ұзағымен 3 аптада жазылуы керек. Егер сізде бұл уақыттан да ары қарай созылса, онда мырыш қабылдауға кеңес береміз.


фото: real-food.bizonoff-dev.net

Ақшам соқырлық

Ымырт үйірілгенде көздің көрмеуін ақшам соқырлық деп айтады. Бұл дерттің дендеуіне А дәруменінің жетіспеуі себеп болады. Ағза А дәруменіне зәру болса, көздің саулығын нашарлатады. Салдарынан көздің құрғауы, инфекция түсу және суқараңғылық секілді аурулар басталуы мүмкін. Сондықтан да жарығыңыздан айырылғыңыз келмесе, уақыт созбай А дәруменін ішіңіз.


Ми қызметтің бұзылуы

Нәрлі заттардың жетіспеуі миға да кері әсер етеді. Мидың ойлау жүйесі әлсірейді, есте сақтау қабілет нашарлайды, адамның, көшенің атын жадыңызда сақтай алмайсыз. Әсіресе темір элементі мен B12 дәруменнің тапшылығы мидың жұмысын «тоқтатады».


Келбеттің өзгеруі

Йодтапшылығы қалқанша безінің қызметіне жауап береді. Сонымен қатар бірнеше дерттің дендеуіне себепші болатын көрінеді. Нақтырақ айтқанда, үнемі тоңып жүру, артық салмақ жинау, терінің құрғауы, шаштың түсуі, жүрек ауруы мен етеккірдің өзгеруі. Бұл дерттің алдын алғыңыз келсе, йод қабылдаңыз.


ДӘРУМЕН мен МИНЕРАЛДЫ заттың жетіспеуіне бір ғана себеп болмайды. Біздің өмір сүру салтымыз, көңіл-күйіміз, денсаулығымыздың жағдайы, ем алуымыз, жұмыс істеу тәртібіміз, жеп-ішетін асымыз, бәрі-бәрі нәрлі затты қажетінше қабылдамауымызға байланысты. Сондықтан да емделген соң, әр мезгіл ауысқан кезде міндетті түрде дәрумен ішуді ұмытпаңыз!


Дереккөз: zdravcity.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛДІ емдегендегі 7 ҚАТЕЛІКТІ біле жүріңіз


Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз


БАЛ + ШАЙ = ҰЙҚЫСЫЗДЫҚТАН арылтады