​Ғалымдар: Жөтелге қарсы шәрбат бала денсаулығына қауіпті

0
3 738

Ғалымдардың зерттеу нәтижесі: жұмыртқаны көп жеу – қандағы холестеринді көбейтпейді, кофені көп ішетін адам қатерлі ісікке шалдықпайтын көрінеді.


​Ғалымдар: Жөтелге қарсы шәрбат бала денсаулығына қауіпті

Әрбір жанды мазалайтын ең танымал сұрақтарға ғалымдардың жауабы күткеннен мүлде басқа. Денсаулыққа келгенде бұл сұрақтар әрбірімізді мазалайтыны жасырын емес...

Айтыла беретін жаттанды сауалдардың жауабына ғалымдар осылайша нүкте қойған тәрізді. Әрине, ғылымда жаңалықтар ашылып жатыр және әлі де ашыла береді. Бұл күні бүгінге дейінгі денсаулық мәселесінде туындайтын ең кең тараған сауалдарға ғалымдардың берген жауабы.


Қант – жоғары белсенділіктің себебі ме?

Жауап: ЖОҚ.

Тағамдағы бояғыш заттар мен қоспалардың әсері бар, бірақ олар зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромын туындатпайды.

Бұл туралы миф 1970 жылдары Америка педиатрия академиясына бір дәрігердің хабарлауы нәтижесінде пайда болған. Ол өзінің бақылауында қанттың гипербелсенділікті арттыратынын кездескенін айтқан. Бірақ зерттеу керісінше нәтиже көрсетті: 1995 жылы қантқа мета-анализ зерттеуін жасағанда, балалардың әрекеті мен конгинивті қабілетіне әсер етпейтіні анықталған.


Жөтелге қарсы шәрбат әсер ете ме?

Жауап: ЖОҚ.

Бұл жауаппен көптеген дәрігерлер де келіседі. 2014 жылы австралиялық зерттеушілер шәрбаттардың құрамында кодеин мен антигистаминді дәрі-дәрмектердің өте аз мөлшері бар әрі ол балалар үшін қауіпті болуы мүмкін екендігін жариялады.


Нәрестенің арқасындағы «ТІКЕНЕК»: Ол не? Қалай білінеді? Қалай алуға болады?


Зәйтүн майы жүрек ауруларына қарсы тұра ала ма?

Жауап: ИӘ.

Ғалымдар зәйтүн майын тұтыну мен жүректің ишемиялық ауруларының асқынуы төмендеуі арасында байланыс барын анықтады.



Газдалған тәтті сусын диабеттің себебі бола ала ма?

Жауап: ИӘ.

Тәтті сусындарды ішу қант диабетінің екінші дәрежесінің асқынуымен байланысты. Сәйкесінше, зерттеу қорытындысы осылай дейді. Газдалған тәтті сусынның күніне екі үлесін ішкендер айына бір үлеске кем ішкендерге қарағанда қант диабетінің екінші типіне шалдығу тәуекелі 26%-ға артық екені белгілі болған.


Күннен қорғайтын кремдердің SPF 30-дан артық әсері бар түрі қажет пе?

Жауап: ЖОҚ.

Күннен қорғайтын SPF 15, 30 немесе 50 әсері бар кремдердің айырмашылығы анау айтқандай емес. SPF 15 әсері 95% ультракүлгін сәлелерден қорғаса, SPF 30 - 97%, ал SPF 50-дің әсері 98%-ке дейін ғана.


Натрий глутаматы басты ауырта ма?

Жауап: ЖОҚ.

Натрий глутаматы – тәтті тағамдық қоспа емес. Кейбір тұтынушылар оның басты ауыртатын және ұлпалардың ұюы әсерін тудыратынын айтады. Бірақ ғылымда оның мұндай әсер беретіні анықталмаған.


Жаңғақты көп жеу семірте ме?

Жауап: ЖОҚ.

Бадам жаңғағын күніне килограмдап жесеңіз де артық салмақ қостырмайды. Бір кесе бадам жаңғағында 3,4 г ғана қаныққан май бар. Одан басқа құрамы нашар холестеринді төмендететін басқа да пайдалы заттарға бай. Сондай-ақ, жүрекке пайдалы омега-3 май қышқылы, ақуыз бен жасұнық мол. Осылайша жаңғақтың семіртпейтіні, бірақ құрамына байланысты оны аздан жеу керектігі белгілі болған.



Жаяу жүру жаттығу залындағы нәтижені бере ме?

Жауап: ИӘ.

Қандай нәтиже керектігі әркімнің өзіне байланысты. Егер адамға сау жүрек қажет болса, онда айырмашылығы жоқ. Артық салмақтан арылу үшін артық энергия жұмсайтын жаттығулар керек, әрине.


Жеміс шырынын ішу жемісті жегенмен бірдей пайдалы ма?

Жауап: ЖОҚ.

Шырынды таңдасаңыз, жемістің қабығы мен жұмсақ етінде болатын талшықтарды қабылдамайсыз. Ал олардың қажеттілігі шырыннан да жоғары.


Кофе қатерлі ісікті тудыра ма?

Жауап: ЖОҚ.

2016 жылдың маусым айында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қатерлі ісікті зерттеудің Халықаралық агенттігі кофенің канцерогенді әсерін дәлелдейтін ешбір дәйек таппады. Тек ыстық сусынның ғана өңеш қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін анықтаған. Аурудың бұл түрі көп кездесе бермейді.

Одан бөлек, аталған агенттік кофенің бауыр қатерлі ісігі мен жатыр эндометриясына шалдығу тәуекелін азайтатындығын анықтады.



Жұмыртқаны көп жеу қандағы холестеринді көбейте ме?

Жауап: ЖОҚ.

Жұмыртқа қосылған тағамдарды жақсы көретіндердің қуануына болады: бұл тағам қандағы холестериннің артуына мүлде әсер етпейді. Жұмыртқаның өзінде холестерин мол болғанымен жеген соң қанның құрамына әсер ете алмайды екен.


Артық ішілген судың зияны бар ма?

Жауап: ИӘ.

Егер суды қажеттіден артық ішсеңіз, бүйрегіңіз оны өңдеп үлгере алмайды. Бұл судың құрамындағы минералдардың қан құрамына араласуына әкеп соғады. Содан барып натрий мөлшері тым төмендеп, осынау жағдай гипонатриемия дегенге ұласады.


КӨК ШАЙДЫ варикозы бар жандарға ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ


Йогурт ас қорытуды жеңілдете ме?

Жауап: ИӘ.

Пайдалы бактерияларға бай йогуртты жеу – өте жақсы. Біздің ішектерімізге микроағзалар өте қажет. Асқорыту мүшелерінде болатын бактериялар астың сіңірілуінде жоғары рөл ойнайды. Олардың санын йогуртта болатын бактериялармен арттысаңыз, ішек бұрынғыдан жа жақсы жұмыс істейтін болады.

Бірақ дүкенде сатылатын йогурттардың басым бөлігінде пайдалы бактериялардың өте аз болатынын да ұмытпаған жөн.


Ағартатын тіс пастасы кәдімгі пастадан қарағанда тісті жарқырата ма?

Жауап: ЖОҚ.

Тіс пастасындағы затбелгінің барлығы атауына сәйкес келе бермейді. Тісті тереңнен тазартып, ағарту үшін стоматолог қажет. Одан өзге, ағартатын пасталардың құрамында токсинді заттардың болатынын ұмытпаған жөн.


Микротолқынды пеште пластик ыдыспен ас жылыту қауіпсіз бе?

Жауап: ИӘ.

Бірақ, әрине, ыдыс микротолқынды пеште қолдануға лайықты жасалған болса. 2014 жылғы зерттеу нәтижесі пластик ыдыстардың құрамында болатын фталаттар (ыдысты майысқақ ететін) канцерогенді болуы мүмкін екенін көрсеткен. Микротолқынды пеш үшін қолданатын ыдыс құрамында мұндай заттар болмауы тиіс.



Теледидар көздің көруін нашарлата ма?

Жауап: ЖОҚ.

Америкалық офтальмология акакдемиясының мәліметінше, сұйықкристалды экрандардың көздің көру қабілетіне әсер етпейтін көрінеді. Бұл миф 1960 жылдары теледидарлардың дұрыс жасалмағандығынан пайда болған (анықталған сәтте ондай теледидарлар өндірістен алынып тасталған). Егер теледидар немесе басқа да экранға қарағанда көзіңіз ауырса, демек, тынығу керек деген сөз.


Бөтелкедегі су құбырдағыға қарағанда пайдалы ма?

Жауап: Жоқ.

Егер сіз ауызсуы ішуге жарамсыз деп табылған аймақта тұратын болсаңыз, онда әңгіме басқа. Керісінше жағдайда бөтелкедегі су мен құбырдағы судың айырмасы жоқ.

Дереккөз: fb.ru

Дайындаған: Қ.Сауран,

ERNUR.KZ