Цитрусты жемістер қан қысымын түсіреді

0
641

Цитрусты жемістер С дәрумені мен аскорбин қышқылына бай болғандықтан да көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі.


Цитрусты жемістер қан қысымын түсіреді

Қан қысымының көтерілуі адамның денсаулығы мен өмірі үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан да әркез қан қысымының қалыпты болуын қадағалауда ұстаңыз. Қан қысымы көтерілетін жандарға өте пайдалы азық-түліктерді айтатын боламыз. Олардың қатарына бірінші кезекте цитрусты жемістерді жатқызуға болады.


Цитрусты жемістер

Аталмыш жемістерді сүйсініп жейтіндер де, жемейтіндер де жетерлік. Бірақ та деннің саулығы үшін бұл жемістерді жеуге тура келеді. Әсіресе лимон, апельсин, грейпфрутты атап айтуға болады. Цитрусты жемістер С дәрумені мен аскорбин қышқылына бай болғандықтан да көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі. Қан қысымы тұрақсыз жандар үшін цитрусты жемістер керемет көмекші құрал болады. Осының арқасында ағзаңыз кез келген қауіпті жеңіп, қан қысымын да бір қалыпты етеді.

Апельсин, мандарин, грейпфрут жемістерін балғын түрінде жеуге де, шырынын сығып ішуге де болатынын естеріңізге саламыз. Лимон қышқыл болғандықтан да оны ыстық емес, жылы шайға салып ішкен пайдалы дейді мамандар. Ал ыстық шайға салатын болсаңыз С дәрумені жойылып кетеді.


Қызылша

Қызылшаның құрамында да аскорбин қышқылы мол. Сонымен қатар, аса пайдалы көкөністе калий де бар екен. Бұл элементтің электролиттік тепе-теңдік және қан тамырларының тонусын реттейтін қасиеті бар.


Сарымсақ

Сарымсақтың адам ағзасына пайдалы көкөніс екені белгілі. Сарымсақ несеп айдайды, ағзадан артық суды шығарады. Алайда шамадан асырып жеген жағдайда кері әсері байқалады. Күніне 1-2 түйір сарымсақ жеген жеткілікті. Сарымсақпен бірге шпинатты да айта кетуге болады. Оның құрамында көптеген дәрумендер мен магний, калий сынды элементтер бар. Мұның барлығы қан қысымын тұрақтандыруға, қан тамырларының серпімділігін қалпына келтіруге ықпал етеді.


Каркаде шайы

Қан қысымыңыз көтерілгенде қара шай ішпеңіз. Оның орнына каркаде немесе көк шай ішуге тырысыңыз. Аталмыш шайлар танин, флаваноид және тағы басқа элементтерден тұрады. Осындай пайдалы заттардың көмегімен қан тамырларына серпімділік беріп, деструкциядан қорғайды. Сонымен қатар, қанның тез айналуына көмектесіп, зиянды холестеринді шығарады. Мұндай шайларға лимон немесе зімбір қосып ішсеңіз, пайдасы арта түседі. Бұдан бөлек, азырақ бал қоссаңыз, шайдың дәмі кіре бастайды. Жоғарыда аталған шайлар құрамындағы заттардың ықпал етуімен артериалды қан қысымын қалыпқа келтіреді.


Қан қысымының мүлде көтерілмегенін қаласаңыз...


Қан қысымы көтерілген жағдайда науқас ең алдымен дәрінің көмегіне жүгінеді. Бірақ дәрісіз емделгіңіз келсе, мынадай жағымсыз әдеттерден арылғаныңыз жөн:

Темекі тартпау: Қан қысымының көтерілуіне шылым шегу тікелей әсер етеді. Бір рет шылым шегудің өзі қан қысымын бірден көтеретінін ұмытпаңыз.

Артық салмақтан арылу: семіздіктен арылу қан қысымын төмендетіп, бір қалыпқа келтіретіні көптеген зерттеулерде дәлелденген.

Физикалық белсенділікті арттыру да давлениені түсіруге, сонымен қатар қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Таза ауада серундеу, жүгіру сияқты жаттығудың оңай түрінен бастауға да болады.

Тұздың мөлшерін азайтып, алкоголді ішімдіктен бас тартыңыз.

Жұмыс істеу уақыты мен демалыс уақытын бірқалыпты ұстауға тырысыңыз. Егер осы айтылғандарды күнделікті жасап, қан қысымын бақылап жүретін болсаңыз, уақыт өте келе дәрі қабылдамайтын жағдайға да жетесіз.


Қан қысымы көтерілген адамға көрсетілетін алғашқы көмек

  • Ең алдымен науқасты тыныштандырып, бірқалыпты тыныс алуға шақырыңыз.
  • Бөлменің ауасын тазартып, бір желдетіп алыңыз.
  • Терең тыныс алып, демді шығару қан қысымының тез түсуіне септігін тигізеді, сол себепті де науқас осы жаттығуды жасағаны дұрыс.
  • Терең тыныс алып, 10 секунд ұстап, демді ауыз арқылы шығарады. Содан соң ауызбен қысқа-қысқа дем алып, демді шығарып, 2 минуттай жаттығу жасайды.
  • Алғашқы көмекті бергеннен кейін науқас міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.


Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Есте сақтау қабілетін жақсартқыңыз келсе, қанттан бас тартыңыз