Оның ішінде 7 адамда клиникалық белгілері жоқ.
Шымкентте өткен тәулікте қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 19 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 7 адамда клиникалық белгілері жоқ. Вирус анықталған 4 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 15 адам үй бақылауына алынды.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 8,1 пайызды құрайды. Онда 660 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 58 науқас, жансақтау бөлімінде 14 науқас ем қабылдауда. Жансақтау бөлімінде 115 төсек орын бар.
Бір тәулік ішінде қалада 269 адам вакцина алды (I компонент- 96, II компонент- 173). Егу науқаны басталғалы барлығы 597955 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 584622 адам вакцинаның екі компонентін алды. Ал, pfizer вакцинасының I компонентін 51 679 адам,II компонентін 29 669 адам қабылдады. Сондай-ақ,127 294адам ревакцинацияланды.