COVID-19: Шымкентте 5 жағдай тіркелді

0
380

1 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


COVID-19: Шымкентте 5 жағдай тіркелді

Шымкент қаласында 22 ақпан күнге КВИ-дің 5 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 3, белгілері жоқ – 2), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 4 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 374 орын бар, төсек орын толымдығы 8,6%-ды құрайды, 342 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 32 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 75 төсек орын бар, 3 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 88 адам вакцина алды (I компонент- 46, II компонент-42). Егу науқаны басталғалы барлығы 598 599 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 585 624 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 54 051 адам, II компонентін 33 209 адам қабылдады. Сондай-ақ, 135 855 адам ревакцинацияланды.