Ғ.Әбдірахымов: "Менің анам да мұғалім болып еңбек етті"

0
3 153

Баяғыда айтқан едім. Менің анам да - мұғалім. Ол кісіні де әр сала мамандары құттықтаушы еді. Кеше мен де хабарласып құттықтадым. Қуанып қалды. Мені күнделікті көріп жүр ғой жалпы, сонда да "Шымкент қаласының әкімі құттықтады мені" деп риза болды. (@) Ғабидолла Әбдірахымов


Ғ.Әбдірахымов:

«Rixos khadisha Shymkent» қонақүйінде Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов ұлағатты ұстаздарды мерекемен құттықтау іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ұлы есім иесі ұстаздарға құрмет жалғасуда. Осыған орай, қала әкімінің ұйымдастыруымен 8-қазан күні "Ұстаз - ұлы есім" атты құттықтау кеш болып өтті. Шара барысында үздік ұстаздарды марапаттап, дастархан жайылды. Ұстаз қасиетін ұғындырар әуендер қойылып, бейне роликтер көрсетілді. Шаһар басшысы үздік деп танылған тәлімгерлерге алғыс хат жариялап, құттықтау сөз сөйледі.
Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:
"Құрметті Біздің ұстаздарымыз! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Құрметті білім саласының қызметкерлері, қадірлі ұстаздар! Сіздерді кәсиби мерекелеріңіз " мұғалімдер күнімен" шын жүректен құттықтаймын. Баяғыда айтқан едім. Менің анам да - мұғалім. Ол кісіні де әр сала мамандары құттықтаушы еді. Кеше мен де хабарласып құттықтадым. Қуанып қалды. Мені күнделікті көріп жүр ғой жалпы, сонда да "Шымкент қаласының әкімі құттықтады мені" деп риза болды. Мұғалімдер күні, барлық адам үшін маңызды мереке деп ойлаймын, себебі, әр адам ең бірінші ұстаз алдынан өтеді. Бүгін міне, баршаңызды осы жерде көргеніме, кішкентай көңілімізді көрсетіп, осындай іс-шарада бас қосып отқанымызға қуаныштымын. Кештің жоғары деңгейде өткізілуі біздің мұғалімге, білім саласына деген құрметіміздің нәтижесі. Кеше жұма күні Елбасы жолдауы айтылды. Жолдаудағы басты мәселенің бірі - педагог дәрежесін анықтау. Мемлекеттік мектептегі мұғалімнің статусы қандай, жеке мектептегі мұғалімнің статусы қандай болады. Соның барлығын заңды белгілейтін боламыз. Ұстаз аты ұмытылмайтыны рас. Мектепте тәлім берген ұстаздарымның бәрі менің есімде. Сіздерге рахмет. Сіздер үлкен азаматтарды тәрбиелеп жатсыздар. Сіздер оқытып жатқан балалардың ішінен үлкен тұлғалар шығады. Олар үлкен дәрежеге жеткенде, сіздерді есіне алып жүретін болады. Барлық жастарға айтқым келеді: Ешқашан мұғалімдерімізді ұмытпайық. Мектеп бітіріп кеткен оқушылар әрдайым ұстаздарын ұмытпай жүрсе, одан артық ешқандай бақыт жоқ деп ойлаймын. Біз енді үлкен мегаполюске айналдық. Сондықтан, мектептерде мұғалімдерге талап жоғарылап жатыр. Мен сенемін. Шымкент қаласының мектептері, Шымкент қаласының мұғалімдері заманға сай болатынына. Толықтай білімін жетілдіріп отыруға көмектесеміз. Біз бір командамыз. Біздің алға қойған үлкен мақсатымыздың бірі - балаларға сапалы білім беру. Бұл тұрғыда әкімшілік әрқашан қолдау көрсететін болады. Бүгін сіздердің күндеріңіз. Жақсы тойлауға тілеспін"- деп жылы лебізін білдірді.
№7 Қ.Спатаев мектеп-лицейінің басшысы Раушан Әлмаханқызы:
"Бүгін, үлкен, ұлы мереке. Ұлы мереке деген себебіміз, шынын айтқанда, ұстаздар мерекесі. Бұл мереке ұстаздар үшін қарапайым болып көрінгенмен, ол кісілер үлкен жұмыс атқарып жатыр. Ол кісілер шәкірт тәрбиелеп, Қазақстанымыздың білімді жастарын тәрбиелеуде. Бұл орайда, ұстаздарымыздың еңбегі орасан деп ойлаймын. Сол үшін, республиканың түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқан ұстаздарымыздың осылай әрқашан еңбегі бағаланып, өз ортасында " ұстаз" деген атқа лайық болғанын қалаймын. Бүгінгі өңір басшысының тағайындаған "Ы.Алтынсарин" төсбелгісін алдым. Бұл басшылықта жүргеніме 12 жыл болған уақытымның жемісі деп білемін. Қаншама оқушы тәрбиелеп жатырмыз. Шәкірттеріміз қазіргі таңда үлкен қызметте жүр. Біз үлкен додода шәкірттермен мақтанамыз. "Ұстазы кім екен?" деген атқа лайық болуымыз керек. Сол үшін ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаймын. Әрдайым шығармашылық табыс тілеймін. Бұл марапат мен үшін, ұжым үшін берілген марапат деп ойлаймын. Ұстаздың жұмысы қиын да, қызықты жұмыс. Әрбір ұстаз осындай алғысқа лайық деп ойлаймын".