Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында тапа-тал түсте ер кісіні пышақтап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 27 наурыз күні сағат 19:17 шамасында көшеде куәгерлердің көзінше болған. Сондай-ақ жантүршігерлік қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмған.
Полицияның мәліметінше, қатыгездікпен адам өлтіруге қызғаныш себеп болған.
"Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 99-бабымен "Адам өлтіру" қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.