ШЫМКЕНТ: Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасып жатыр

0
689

Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды.


ШЫМКЕНТ: Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасып жатыр

Шымкент қаласы Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін басқарма басшысы Б.Булатбеков Тассай елді мекеніне барып, құрылыс барысында анықталған мәселелерді реттеу мақсатында жиын өткізді.
Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды.
Ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тассай елді мекені сапалы ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, кәріз жүйесімен қамту құрылысы да қатар жүргізіліп жатыр. Кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы 115,2 шақырымды құраса, бүгінде оның 66,3 шақырымы орнатылып, құрылыстың 62 пайызы аяқталды. Пайдалануға беру мерзімі келер жылға өтпелі.

Айта кетейік, шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. 2021 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетті.Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді.

Ал, 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда. Шымкент қаласын газбен қамту көрсеткішін 2022 жылы 94,7 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.