Шымкентте 15 адамнан коронавирус анықталды

0
531

Оның ішінде 12-сі ауру белгілері бар.


Шымкентте 15 адамнан коронавирус анықталды

15 ақпан күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында 15 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 12-сі ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ 3 адам есепке алынды. COVID-19 вирусын жұқтырған 6 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 9 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 718 орын бар, төсек орын толымдығы 9,5 %-ды құрайды, 650 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 63 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –115 төсек орын бар, 13 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 275 адам вакцина алды (I компонент- 70, II компонент- 205). Егу науқаны басталғалы барлығы 597818 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 584300 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 50 134адам,II компонентін 27 156адам қабылдады.Сондай-ақ,123 293адам ревакцинацияланды.