Бүгінгі таңда қаладағы 8 қоғамдық орынға «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Үшінші мегаполисте цифрландыру бағытындағы жұмыстар жүйеге қойылып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нақты айтқанда 2020 жылы азаматтардың өмір сүру сапасы мен қызмет көрсету деңгейін арттыру, жүйелі проблемаларды шешу және жайлы тұруды қамтамасыз ету үшін I-Komek орталығы ашылып, «109» бірыңғай байланыс желісі жұмыс істеуде.
Қазіргі таңға дейін орталыққа 188 709 арыз-өтініш келіп түсіп, оның ішінде 186 100 арызға жауап берілген, ал қалған 2 609 өтініш бойынша тиісті мекемелер тарапынан жұмыс атқарылуда.
Соңғы екі жылда Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы мобильді интернетпен қамту үшін 25 базалық станция орнатылып, 200 мыңға жуық тұрғын интернетті қолдануда. Бүгінгі таңда қаладағы 8 қоғамдық орынға «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды.
2021 жылы қосымша 10 қоғамдық орында 30 тегін WI-FI нүктесі орнатылды.