Осы шара барысында жыл басынан 185 жекеменшіктегі нысандарға пандус орнатылды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған акция жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жеке меншік нысандарға еркін-кіріп шығуды қамтамасыз ету үшін «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылуда. Осы шара барысында жыл басынан 185 жекеменшіктегі нысандарға пандус орнатылды.
Сонымен қатар, жекеменшік нысандарда орнатылған пандустардың бекітілген талаптарға сай келмейтіндері бойынша алдағы уақытта талапқа сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.