Шымкентте мыңнан аса азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау өтінімі мақұлданды

0
662

Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негіделген.


Шымкентте мыңнан аса азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау өтінімі мақұлданды

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға 40-қа жуық азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй кезегі, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау, қайтарымсыз негізде берілетін тұрғын үй сертификаттары, жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысты талап-тілектерін жеткізді.
Мамандар тұрғындардың жалпы өтініштерін мұқият тыңдап, баспанаға қатысты туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы берген мәліметке сүйенсек, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 1081 азаматтың өтінімі мақұлданған. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар және көп балалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасы мүшелерінде ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022 жылға - 36 018 теңге) соңғы 6 ай ішінде орташа табысы (111 656 теңге) аспауы тиіс.

Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің «Отбасы банкте» депозиттік шоты болуы тиіс.

Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;

3) тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

4) Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы. Республикалық бюджетке жүктемені төмендету мақсатында және кейбір өңірлер бюджеттерінің тапшылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттерден 10% мөлшерінде қоса қаржыландыру жоспарланған.

Төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтар "Отбасы банк"АҚ-ға жүгіне алады.