Шымкентте ұзындығы 3 шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді

0
423

Бүгінде 115 көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.


Шымкентте ұзындығы 3 шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді

Шымкент қаласында ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелері ғана емес, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелері де қамтылады.
Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының Кендала, Жастар, Тельман көшелері орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Тұрғын алаптағы жалпы көше ұзындығы 3,80 шақырымды құрайды. Жобалық сметалық құжатына сәйкес, барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді.

Айта кетейік, бүгінде 115 көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Қалада 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бірінші кезекте көлік қарқыны жоғары және қала орталығындағы магистралды көшелерде атқарылуда. Атап айтқанда, Жолан батыр, Саттарханов, Қазиев, А-2 автомобиль жолы, Бекболатов, Т.Рысқұлов (Дулати-Сайрам), Елшібек батыр және Тәуке хан көшесінде (Сайрам-Өндірістік аймаққа дейін) жөндеу жұмыстары жүргізілді.