Шымкентте жалдамалы пәтерден бойжеткеннің мәйіті табылды (видео)

0
626

Бірнеше жерінен пышақталған бойжеткен пәтерді үш күнге жалға алған екен.


Шымкентте жалдамалы пәтерден бойжеткеннің мәйіті табылды (видео)

ERNUR.KZ. Шымкентте Республика даңғылы бойындағы көпқабатты үйдің жалдамалы пәтерінен қыздың мәйіті табылды, деп жазады Express Qazaqstan.

Бүгін түнгі сағат 01:30 шамасында осы оқиға туралы хабар түскен. Сенімді ақпарат көздерінің айтуынша, 20-25 жас шамасындағы бойжеткен пәтерді үш күнге жалға алған. Қасында жігіті болатынын айтыпты. Екі күн бойы пәтер иесімен байланыста болған. Ал үшінші күні телефонын алмай қойыпты. Хабар болмаған соң пәтер иесі үйге барғанда мәйітті көрген. Сосын бірден полицейлерге қоңырау шалыпты.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің өкілдері әзірге бұл жайтқа қатысты түсініктеме берген жоқ.