Шымкенттік оқушылар New York университетінен грант ұтып алды

0
2 550

Грант құны 320 мың доллар.


Шымкенттік оқушылар New York университетінен грант ұтып алды

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ернар Бекбаш Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің (NYUAD) толық грантына ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Грант құны 320 мың доллар. Оның ішіне оқу ақысын, рейстерді, тұрғын үй мен тамақтану, медициналық сақтандыру, кітаптар және басқа да көптеген шығындары кіреді.


Нью-Йорк университетінің дипломы арқылы SpaceX, Amazon, Goldman Sachs, McKinsey & Company, Google сынды ірі компанияларға жұмысқа тұруға болады. Университет әлем бойынша 26-шы орында. Ал жұмысқа орналасу деңгейі бойынша 11-ші орында тұр.


Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті әлемдегі студенттерді таңдауда ең талапшыл оқу орындарының бірі. Салыстырмалы түрде аталмыш университет Гарвардтың өзінен аз студент қабылдайды. Онда студенттерді қабылдау деңгейі 3%-дан кем болмайды.


– Бала кезімнен математиканы жақсы көріп, мектеп олимпиадаларына қатыстым. Ал 7-сыныпта физика пәнімен танысқан соң, осы пәнге деген қызығушылығым артты. Физикадан түрлі тапсырмаларды шешіп, тәжірибелер жасай бастадым. Осы пәндерге байланысты инженерияны таңдауым керек екенін түсіндім, -
деді өз қуанышымен бөліскен Ернар.