Үшінші мегаполисте эпидахуал тұрақталып келеді

0
459

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 718 орын бар.


Үшінші мегаполисте эпидахуал тұрақталып келеді
Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 718 орын бар, төсек-орын толымдығы 5,3%-ды құрайды, 680 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 38 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 115 төсек орын бар, 5 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 65 адам вакцина алды (I компонент- 37, II компонент- 28). Егу науқаны басталғалы барлығы 598 092 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 584 850 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 52 807 адам, II компонентін 31 303 адам қабылдады.
Сондай-ақ, 130 991 адам ревакцинацияланды.