​Зейнеткер өз үйінде өртеніп кетті (видео)

0
1 325

Әкесінің қайғылы өлімі қызына ауыр соққы болды.


​Зейнеткер өз үйінде өртеніп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Қабанбай батыр көшесінде қайғылы жағдай орын алды. Көп қабатты ғимараттағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, мүмкіндігі шектеулі зейнеткер қайғылы жағдайға тап болды, деп жазады tvk-uko.kz.


Терезеден шыққан түтінді көргендер дереу өрт сөндірушілерді шақырған. Бұл кезде үйде жалғыз қалған мүгедекті сыртқа алып шығудың мүмкіндігі болмаған. Өйткені пәтердің есігі құлыптаулы еді.

Қайтыс болған кісінің екі ересек баласы бар. Олар оқиға туралы көршілерінен естіп, дереу жеткен. Әкесінің қайғылы өлімі қызына ауыр соққы болды.

Өрт салдарынан пәтердің бір бөлігі толығымен өртенді. Оқиға орнында бірнеше өрт машинасы жұмыс істеді. Оқиға себептері анықталуда.