ШАШ төгіліп түсіп жатыр ма?
Елімізде ғана емес, бүкіл жер шарын әбігерге салған мына індеттен сақтану үшін карантин шараларын орындап, үйден шықпай отырғаныңызға да біраз уақыт болды, солай ма?..
Адам күнделікті қайталанып жүрген күн тәртібінен жаңылып, өмір сүру тәртібінің өзгерісіне бейімделу үшін де ағза біршама өзгерістерді бастан кешіреді. Адамның миы өзгерістерді қабылдап, жаңа жағдайға бейімделу үшін бүкіл ағзаға күш түседі.
Егер ерік-жігеріңіз мықты, шыдамды болсаңыз, жаңа жағдайға бейімделу сіз үшін аса қиындық туғыза қоймаса тіпті жақсы. Егер сіз шыдамсыз, бір орында отыра алмайтын күйгелек жан болсаңыз, «мүлгіген тыныштыққа» үйренісе алмасаңыз, міндетті түрде күйзеліске ұшырайтыныңыз анық.
Ал күйзеліс адам денсаулығының басты жауларының бірі. Сондықтан, сұлу болам десеңіз, денсаулығыңызды сақтаңыз. Денсаулықты сақтау үшін күйзеліске бой алдырмаңыз.
Адам күйзеліске түскенде ең соңынан кері әсер ететіні, сырттай көрініс беретіні шаш екен. Күйзеліс шаштың сұлулығы мен саулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Бұдан да жаманы, егер күйзелістің әсерінен шашыңыз «соққы» алған болса, ағзаңыздың басқа бөліктеріне қаншалықты зиян келгенін өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз.
Егер көңіл-күйіңіз бен денсаулығыңыздан осындай «кемшіліктерді» сезген болсаңыз, тез арада күйзелістің алдын алумен күресті бастаңыз.
ШАШ төгіліп түсіп жатыр ма?
Жұмыс орнын ауыстыру (мұның ішіне онлайн жұмыс та кіреді), бала босану, тіпті тұмаудың өзі шаш түсуінің негізгі себептерінің бірі бола алады. Қазіргі кезде өршіп тұрған зауалдың әсерін ойласақ, он адамның бірінде шаш түсу мәселесі бетпе-бет келіп тұруы да мүмкін.
Егер күнделікті шашыңызды тарағанда әдеттегіден екі есе көп және бұл жағдайдың жалғасып келе жатқанына екі аптадан ұзаса демек сіз күйзеліске ұшырағансыз.
Шаш саулығы бойынша шағымданатын адамдардың кебірінде теңгенің көлеміндей жерде мүлдем шаш түсіп, шықпай қалуы. Мұны медицина тілімен айтар болсақ «алопеция» деп атайды. Бұл иммундық жүйенің әлсірегенінен және шаш фолликуласының бұзылуынан (мұның да себебі стресс) пайда болады.
Көк пияз жұқпалы дерттен сақтайды, шашты өсіреді
Көк пияздың құрамындағы фитонцидтер түрлі бактериялар мен инфекцияларға қарсы күреседі.
Егер көк пияздың тапшы мезгіліне тап келмейін десеңіз, көк пиязды ұсақтап турап, кептіріп алсаңыз да, құрамындағы маңызды элементтерін жоғалтпайды. Яғни, кептірілген көк пияздың да құрамында қан тамырлардың жұмысын жақсартатын, берік ететін С дәруменді сақталып қалады.
Егер асқазан-ішек жолдарында сырқаты бар адам қолданамын десе, өте мұқият, абай болғаны жөн. Ішке қабылдау инфекцияны «өлтіріп», жұқпалы дерттен тез арада айығу үшін.
Ал, шаштың сұлулығы үшін, жылтырап шаш түптері бекем болуы үшін көк пияздың құрамындағы табиғи керотин шаштың жылдам өсуіне де айтарлықтай үлес қосады.
Ол үшін көк пиязды күнделікті тағам құрамына қосып тұтынумен қоса, шаш үшін арнайы күтім де жасау қажет. Шаштың түсуіне тосқауыл болып, түбін бекемдейтін көк пияздың сөлін таза жуылған шаштың түбіне жағып, жеңіл уқалаңыз. 5-10 минут аралығында массаж жасау жеткілікті. Қан айналым жақсарған соң, көк пияздың сөлі де теріге жылдам сіңеді де нәтижесі аз уақытта-ақ көрініс береді. Көк пияз сөлін шашыңызға жағып болғаннан кейін, целлофан қалтасын киіп, сыртынан сүлгімен жылы орап қойыңыз.
Жарты сағаттан соң, әдеттегідей жуып тастайсыз. Егер пияздың өткір иісі сезіліп тұрса, сусабынмен жеңіл шайып тастауыңызға болады.
Егер кептірілген көк пиязды қолданбақ болсаңыз, шашыңызды жуардан алдын мынадай қоспа даярлап алыңыз. 1 литр қайнаған суға 1 ас қасық кептірілген көк пиязды салып, 10 минутқа бұқтырып қойыңыз. Бұл тұнбаны сүзіп алғаннан кейін тазартылып жуған шашыңызды шайып аласыз. Соңынан таза сумен шайып тастамау қажет.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
Көздің астындағы КӨГЕРГЕНДІ КЕТІРУГЕ арналған кеңестер