​КӨЗДІҢ АЙНАЛАСЫНА ерте ӘЖІМ ТҮСПЕСІН десеңіз

0
3 011

Өйткені, көз айналасындағы тері өте нәзік, басқа аймақтан 4 есеге жұқа.


​КӨЗДІҢ АЙНАЛАСЫНА ерте ӘЖІМ ТҮСПЕСІН десеңіз

фото: massaget.kz

Себебі көздің қабағы - көзіміздің қалқаны. Ол шырышты қабатты құрғау мен ластанудан қорғайды. Қорғауды қамтамасыз ету үшін көзімізді тәулігіне 24 мың рет ашып-жұмып отырамыз. Таңқаларлық жайт, солай ғой? Көз айналасының терісі беттегі қалған эпидермистен 4 есе жұқа. Ол қанмен аз қамтылған, онда тер және май бездері жоқ десе де болады. Сондықтан, көз айналасындағы тері қабаты өте нәзік келеді, сәйкесінше, бет терісінің басқа аумақтарына қарағанда тезірек қартаяды. Терідегі өзгерістер бірден көзге көрінеді. Бұл жерде коллагенді талшықтардың текстурасы анағұрлым кеуекті болып келеді. Сондай-ақ бұл аймақта үнемі түрде мимикалық қозғалыстар орын алып отырады.Мінеки сол себептен де көз қабағының сырттай солу белгілері бет, мойын, декольте аймағындағы теріге қарағанда анағұрлым ерте байқала бастайды.


Көз айналасындағы теріге қалай күтім жасау керек?

Дұрыс және дер кезінде жасалған күтім сезімтал терінің проблемаларын тіпті үй жағдайында шешуге көмектеседі.


Тазарту

Көз қабағының аймағын сіз макияжды аз қолданып немесе декоративті косметиканы мүлде қолданбаған жағдайдың өзінде тазалап отыру керек. Жай ғана сумен жуу көз аймағын сіздің оған осыған дейін жаққан креміңізден тазалай алмайды.

Теріні мейкап қалдықтарынан және сыртқы ластанулардан мицеллярлы су немесе қосфазалы құрал қауіпсіз түрде тазартады. Сіздің дәл нені таңдағаныңыз мағызды емес бастысы, ол сізге текстурасы, иісі, консистенциясы бойынша лайық келсе болғаны. Екі мақта дискіні (немесе бір мақта дискісін екіге бөліп) тазартқыш құралмен жақсылап шылап алыңыз. Дискінің бірін көзіңіздің астына, екіншісін қозғалғыш көз қабағына қойыңыз. Бірер секундқа қоя тұрыңыз, тазартқыш құралдың терінің бетіне жайылуын күтіңіз. Макияжды үстіңгі мақта дискімен теріңізді уқаламай, ақырын қозғай отырып сүртіп алыңыз. Макияжды кетіріп, крем жағып немесе бетіңіздің терісін ылғалдандырып отырсыз ба айырмашылығы жоқ, қозғалыстардың барлығын теріңіз барынша аз созылатындай етіп, мұқият сызықтар бойынша орындаңыз.


Қоректендіру және ылғалдандыру

Теріні қоректендіруге және қанықтыруға арналған құралдардың барлығын біз ылғал теріге жағамыз. Бұл ереже көз қабағының аймағына да қатысты. Бет терісін ылғалдандыратын тоник терінің теңгерімін қалпына келтіріп, келесі күтім кезеңіндегі құралдардың теріге жағылуы мен енуін жақсартады. Ол микробиомды - жасушалардың ішіндегі ылғалдың деңгейін реттеп және сақтап отыратын гидролипидтік тосқауылды қолдайды.

Келесі күтім кезеңі бастапқы немесе белсенді болып отыруы мүмкін.


фото: spiegel.de


Бастапқы күтім. Егер сіздің көзіңіздің түбі ісініп немесе қараюға бейім болса, бұл проблеманы үйдегі күтімнің өзімен шешуге болады. Проблемалық теріге арнап көз қабағына арналған ылғалдандырғыш крем-гельді қолдануға болады, ол көз айналасындағы аймақтың терісін жұмсақ, тегіс, сыртқы ортаның факторларына барынша төзімді етеді, сондай-ақ оны ластаушы заттардың тітіркендіргіш әсерінен қорғайды.


Белсенді күтім. Көз айналасындағы аймаққа белсенді күтім жасау үшін аптасына 1-2 рет жақпаларды немесе патчтерді қолданып отырыңыз. Сондай-ақ гель құрылымына ие арнайы майлармен уқалау пайдалы. Саусақтарыңызбен ақырын соққылай отырып майды орбиталық бетке – көз айналасындағы сүйекке жаймалап жағыңыз. Уқалап болғаннан кейін майдың қалдығын сүртіп тастаңыз, артынан крем жағыңыз.

Қай жасқа қандай күтім құралдарын қолдану керек?


25-30 жаста

Көз айналасындағы жас тері күтіміне арнап жеңіл ылғалдандырғыш құралдарды қолданған жеткілікті. Оны ылғалмен қанықтырыңыз, сол кезде ол жылдам жазылып, жұмсарып және ұзақ уақыт тонуста қалып отырады.


30-40жаста

Әдетте, бұл жаста тері сусыздануға, құрғауға бейім келеді. Сол себепті 30 жастан кейін дәруменді кешендері бар құралдарды қолданған дұрыс. Олар ылғалдың булануының алдын алумен қатар, эпидермистің микробиомын қалпына келтіреді және қарқынды түрде қоректендіреді.


40-50 жаста

Қартаю процестерін баяулату үшін коллагенге негізделген антиоксиданттық қорғанысы бар күнделікті күтімге арналған косметиканы таңдаңыз.


50 жастан кейін

Айқын лифтинг-әсерге ие гидротұрақтандырғыштарға негізделген аnti-age косметика терінің жастығын ұзартуға көмектеседі және көз жанарыңызды жарқыратады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ӘДЕМІ теріні қаласаңыз мына 6 әрекеттен АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ


КӨП терлейтіндерге 10 түрлі ЛАЙФХАК