​Майлы терінің КҮТІМІ БӨЛЕК

0
975

Майлы теріге күтім жасау, әсіресе жазда – оңайға түсе қоймайтын іс.


​Майлы терінің КҮТІМІ БӨЛЕК

фото: triptonkosti.ru

Жазда жиі жуынамыз, бірақ егер де осы бір ұнамсыз жылтырау жуынғаннан кейін бір-екі сағатта қайтадан бетіңізде пайда бола бастаса, не істеу керек?


Тері типі бойынша күтім жасау

Алдымен, сіздің теріңіз расында да майлы типке жата ма? Осыны анықтап алу қажет. Көбінесе, біздің майлы тері деп ойлағанымыз, ағзадағы қандай да бір гормональдық бұзылыстардың нәтижесі, соның ішінде еркектердің жыныстың гормондары андрогендердің деңгейінің көтерілуі болып табылады. Бірақ егер соған қарамастан, теріңіз тәуліктің ортасында барынша майлы болып кетсе, егер де оған макияж тұрмаса, теріс тесіктері қатты байқалатын болса, Т-аймағының айналасында үнемі бөртпелер пайда болса демек, шынында да сіздің теріңіз майлы типке жатады.


ЖУЫНУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ дұрыс ТАҢДАҢЫЗ!

Егер сіздің теріңіз майлы тері болса, онда әсіресе агрессивті құралмен жуғаннан кейін пайда болатын тартылу сезімі таныс болар?! Бұл белгі ылғи да қайталанып тұрса, онда мәселе қиындай түседі. Өйткені терінің себумді одан да қарқынды бөлуіне себепкер болып отырсыз. Сондықтан, жуыну үшін теріні құрғатпайтын гель немесе басқа жұмсақ құралдарды қолданып көріңіз.


ТОНИКТІ ҰМЫТПАҢЫЗ!

Тоник теріңіздің табиғи рН-деңгейін теңестіруге көмектеседі, көз алдыңда тері тесіктенін кішірейтеді және қабынуды басады. Яғни, майлы терінің басты мәселесін шеше алады. Сонымен қатар ол макияждың қалдығын және тітіркендіруге әкеліп соқтыруы мүмкін басқа да ластануларды жояды.

фото: dzen.ru


ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ құралдарды үнемі пайдаланыңыз

Әсіресе, ақшаңызды үнемдемеңіз. Терінің құрғап кетуіне ешқашан жол бермеңіз. Тері сау болып қалуы үшін майлы теріге әлдеқайда көбірек ылғалдандыру қажет. Құрамында май жоқ жеңіл ылғалдандырғыш құралдар немесе гельдерді пайдаланыңыз, ал барынша жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе сарысу (сыворотка) пайдалануды ұмытпаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Аяғыңызға көңіл бөліп жүрсіз бе?


Маңдайдағы ҰСАҚ ӘЖІМдерден ОП-ОҢАЙ арылуға болады