​ШАШыңыздың СҰЛУлығы мен САУлығы үшін күтім жасау жолдары

0
3 113

Егер шаш ұштанып, сынғыш болса, оған ылғылдандыру жетіспейді


​ШАШыңыздың СҰЛУлығы мен САУлығы үшін күтім жасау жолдары

Ұштанған, құрғақ және сынғыш шаш қыздардың көпшілігіне таныс және кең тараған проблеманың бірі. Әрине, 1-2 айда бір рет шаштың ұштарын қидыртып тұрған жөн, бірақ кейде бұл мәселені қайшы да «шеше алмайтын» сәттерде және шашыңызды өсіргіңіз келсе, шашқа әрдайым күтім керек.

Егер шаш ұштанып, сынғыш болса, оған ылғылдандыру жетіспейді. Шашқа күтімді бастамас бұрын оны аздап қидыртыңыз. Себебі өлген шашқа күтім жасаудың еш маңызы болмайды.


Ашытқы маскасы

Қоректендіретін және ылғалдандыратын маска жасау үшін 2 шай қасық құрғақ ашытқыны 50 мл айранмен араластырып, шаштың ұшынан бастап ортасына дейін жағыңыз. Оны пакетпен орап, 30 минутқа қалдырыңыз. Содан соң жуып тастаңыз. Оны аптасына бір рет жасап тұру керек.


Кокос және бадам майы

Табиғи майлар ұштанған шашқа көмектесетін тиімді құралдар. Кокос және бадам майлары оңай жуылады, шашқа ауыртпалық тудырмайды және қорғаушы қабат түзеді. Сонымен қатар, бұл майлар шашты жұмсартады.


Бал мен зәйтүн майы маскасы

Бұл құрғақ шашқа арналған тағы бір қоректендіргіш маска. 1 шай қасық балды 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырып, оны шаш ұштарына жағып, 1 сағатқа қалдырыңыз. Бал жылдам еру үшін оны жылы сумен жуыңыз.


Шөптер тұнбасы

Шашқа өзіңіз қолданатын бальзамды жаққан соң, оны сумен емес бөлме температурасындағы шөптер тұнбасымен шайып көріңіз. Дәріханаларда сатылатын шөптерді (жалбыз, түймедақ, қалақай жапырағы, жөке) қайнатып, дайындап қойыңыз. Шашыңызды жуғаннан соң шөптер тұнбасымен шаюмен аяқтауды әдетке айналдырыңыз. Олар шашқа қосымша қорек пен ерекше жылтыр, әсемдік сыйлайды.


Сусабынмен шаштың ұшын жумаңыз

Шашты жуу кезінде тек түптерін сабындап, массаж жасаған жөн, ал ұштарын қосымша тағы сусабынмен (шампунь) жуудың қажеті жоқ. Шаш ұшының тазалануы үшін сол түптегі сусабынның көпірігін шаю кезінде ұшқа тигені де жарайды.

Ылғалдандырғыш крем

Егер қолыңызда шаш ұшына арналған май немесе сарысу болмаса, ал шаштарыңыздың ұштары құрғақ болып көрініп тұрса, бетке арналған қарапайым ылғалдандырғыш крем қолданыңыз.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Жасаған МАКИЯЖыңыз МІНЕЗІҢІЗ туралы "айтып береді"

10 жылға ЖАСАРҒЫҢЫЗ келе ме? 10 түрлі өнім көмектеседі