​АРЫС: 725 оқушы жазғы демалысқа жіберілді

0
1 415

Балалар Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Бурабайда тынығып жатыр


​АРЫС: 725 оқушы жазғы демалысқа жіберілді

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өткізген апталық аппараттық мәжілісте балаларды жазғы демалыспен қамту мәселесі де қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Арыс қаласынан 725 бала еліміздің өзге өңірлеріне демалысқа және саяхатқа жіберілген.

Атап айтқанда, Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Бурабайда да арыстық өрендер тынығып жатыр.

Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықованың айтуынша, жазғы лагерьлерге 4000-нан астам оқушыны жіберу көзделген. Осы аптада тағы 500 бала демалысқа жіберіледі деген жоспар бар.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдеріне өздері басқаратын аумақтардағы демалыс орындарына арыстық оқушыларды көптеп тарту жөнінде тапсырма берді.

Сонымен бірге мәжілісте Арыс қаласындағы 3 мыңнан астам ардагердің 2 мыңдайын облыстық ардагерлер үйлеріне демалысқа жіберу мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта нақтылана түспек.