Басқарма мамандары өлген әр малдың фотосын түсіріп, актісін дайындауда.
фото: ашықдереккөзден
Мақтаарал ауданында жалпы көлемі - 7639 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Ал мал шығыны 297-ні құрады. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылды. Алдағы уақытта өтемақы жасалатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте облыстық Ауышл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.
Басқарма мамандары өлген әр малдың фотосын түсіріп, актісін дайындауда. Мал мен егіннің өтемақылары төтенше жағдайға байланысты ашылатын азаматтардың жеке шоттарына аударылады. Қосымша шот ашудың қажеті жоқ. Су тартылғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандар келіп, жердің құрамын, зақымданған күйін тексереді.