Бүгінде мемлекеттік қызметтердің көптеген түрлері автоматтандырылып, мақтааралдықтар электронды қызмет түрлерін алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мақтаарал ауданында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының әрбір бағытына орай жүзеге асырылуына және мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру арқылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу үлесін арттыру бағытында аудан әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ ХҚКО бөлімімен біргелікте біршама іс-шаралар өткізіліп келеді.
Мемлекеттік қызметтер саласын цифрландыру туралы түсіндіру жұмыстарын, сонымен қатар халыққа қажетті цифрлық дағдыларды оқытуды жүргізу мақсатында аудандық білім бөлімінің 20 информатика пәнінің мұғалімдері Түркістан қаласында арнайы курстардан өткізіліп, осы азаматтар тарапынан ауданда Цифрлық сауаттылықты арттыру барысында базалық курстар бойынша 850 адамды, "E-GOV" дағдылары бойынша 825 адам, "OPEN GOV" дағдылары бойынша 825 адам, "Е-коммерция" дағдылары бойынша 825 адам оқытулардан өткен. Сондай-ақ, курсқа қатысушы 20 информатика пәнінің мұғалімдері тарапынан ауданның 675 тұрғыны «цифрлық сауаттылық» бойынша 3 сағаттық курстардан өткізілді.
Бүгінде, мемлекеттік органдар тарапынан халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көптеген түрлері автоматтандырылып, электронды түрде көрсету мүмкіндігіне ие болып, кезең-кезеңімен цифрландырылып келеді.
Ауылдық елді мекен тұрғындарын аудан орталығындағы ХҚКО-ға келмей-ақ, қызмет алулары үшін кенттер және ауылдық округтері әкімдері аппараттарында және мектептерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары ашылып, қажетті қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері қарастырылған.
Аудан әкімдігі мен ХҚКО мамандарымен біргелікте аудандық мәдениет үйінде бастау алып, елді мекендерде, оқу орындарында өткізіліп жатқан іс-шараларда әлеуметтік, экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша көптеген ақпараттық қызметтерді «Egov.kz» электронды үкімет порталынан алу үшін қажетті Электронды цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу мен электронды қызметтер алу, Telegram-ботарқылы мекенжай, сотталмағандығы туралы, жылжымайтын мүлкінің бары немесе жоғы туралы анықтамалар мен әлеуметтік мәртебені тексеру және базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, бала тууға байланысты проактивті қызметтер, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою сияқты қызметтерді оңай әрі жылдам алуға болатындығы жөнінде ақпараттық көмектер беріліп, түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметті ыңғайлы алудың қадамдық іс-әрекеттерінің бейнероликтері Мақтаарал ауданы әкімдігінің «Maktaаral.gov.kz» ресми интернет-ресурсының (веб-сайт) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орнатылған.