Келес ауданында жол ережесін сақтау мақсатында "Жүргізушіге хат» атты акциясы қйымдастырылды.
Түркістан облысы, Келес аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Жүргізушіге хат» атты акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыс көлемінде өтіп жатқан шараға, Келес аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі, ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры Эльмира Есенкулова «Жүргізушіге хат» атты акциясы аясында аудандағы №1 О.Есімов атындағы жалпы орта мектепте шығармашылық жарыс ұйымдастырды.
"Акцияның мақсаты – жас өскіннің ішкі жан-дүниесіндегі ой-пікірін қағазға түсіртіп, соны көрсете отырып жол ережелерін сақтамайтын көлік жүргізушілеріне ой салу",-дейді ұйымдастырушылар. 11-сынып оқушылары еліміздегі көлік жүргізушілеріне жеткізгісі келген ойларын қағазға түсіріп, жазып шықты. Жүргізушілерге арналған хаттарда, оқушылар жолдардағы тәртіпті талқылап, жол жүру ережелерінің барлығына бірдей екендігін, сондықтан жол жүру ережелерін сақтап, көлік жүргізгенде ұялы телефонды қолданбауды, ішімдік ішіп жүргізбеуді, жүргізуші куәлігін оқымай тұрып алмауды жазып, пікірлерін білдірді.
Соның ішінде, Ануарбекова Аружан Сержанқызы өзінің шығармашылық қабілетінің арқасында сыныптастарының алды болып, шығармасы жүлделі орынға ие болды. Акцияның нәтижесінде, үздік болған шығарма иелері «Алғыс хатпен» марапатталды.
Осылайша бала көзқарасын біле отырып, жылдамдықты асыратын, жалпы жол ережесін сақтамайтын көлік жүргізушілерінің болашақта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, түрлі апаттарды болдырмаудың алдын алады деген сенімдеміз!