Биыл алдымен Түркістан мен Арыс қаласындағы көпқабатты 20 үйдің кем-кетігі жөнделіп, инженерлік жүйелері қалпына келтірілді.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысында тозығы жеткен 508 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жасалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл алдымен Түркістан мен Арыс қаласындағы көпқабатты 20 үйдің кем-кетігі жөнделіп, инженерлік жүйелері қалпына келтірілді. Осылайша әбден ескіріп, сәулеті сұрықсызданып кеткен үйлер жаңартылып, шаһардың сәулетіне сән қосып жатыр.
- Жаңа үйге кірмесек те, жаңа үйге кіргендей болдық. Ремонт жасап, жақсы болып қалдық. Төбеміз, бесінші қабатта тұрамын. Су ағатын балкондардан су ағып тұратын. Әзір жақсы, - дейді тұрғындар.
Тұрғын үйлердің сұрқай тартқан қас бетіне де рең кірді. Айшықты бояуымен қазір алыстан көз тартады. Үйлердің алдында ойын және спорт алаңшалары жасақталған. Аулада еркін тыныстап, тынығуға болады.
Жалпы, бүгінгі таңда облыста бір жарым мыңдай көпқабаты тұрғын үй бар.Оның 34 пайызының әбден тозығы жеткен.Алды өткен ғасырдың 35-40-жылдары салынған баспаналар.
- Іс-шара бойынша 508 үйді 2025 жылға дейін жөндеуге жоспарлап отырмыз. Оған 4,5 млрд. теңге бөлінеді. Ол қаржы қайтарымды қаржы. Револьвер түрде келесі жөндеуді қажет ететін үйлерге жұмсалады, - дейді Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бақытбек Убайдин.
Қолға алынған осы шаруаның арқасында 102 мың 400 тұрғын жаңа баспанаға қоныстанады. Бұл іс өңірдегі Шардара, Сарыағаш, Арыс, Кентау мен Ленгір, Жетісай секілді шағын қалалаларда да жүреді.Сондай-ақ апатты күйдегі 18 тұрғын үйдің орнына жаңасы салынады.
Дереккөз: shymkenttv.kz